logo

Ғарыш пен дала арасында тек бір қадам

Только шаг между степью и космосом

One step between the steppe and the space



Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (ҒТ АКТБ)


Біз не істей аламыз


3-тен 800 кг дейінгі класстағы ғарыш аппараттарының қызметтік платформаларын жобалау, құрастыру және сынақтан өткізу

Борттағы ақпаратты басқару жүйесін әзірлеу.

Орташа ажырату мүмкіндігі бар оптикалық пайдалы жүктемелерді жобалау және құрастыру

SDR негізіндегі толыққанды жер үсті сементін құру

Қозғалысты басқару және навигация жүйесінің программалық жабдығын және модульдерін әзірлеу


Көрсетілетін қызметтер

♦ Тапсырыс бойынша жер үсті сегменттерін, ғарыштық кіші жүйелерді және компоненттерді әзірлеу

♦ Жерді қашықтықтан зондтау жүйелерін жобалау және әзірлеу

  Миссиялар:

     - Іске асырылып жатқан - KazSTSAT (2018 жылдың басында ұшырылады)
     - Болашақ - KazEOSat HighRes жаңа ұрпағы және KazEOSat MediumRes жаңа ұрпағы

♦  Өнеркәсіптік жобалау бойынша тапсырыстарды орындау

     - 3D жобалау және Шекті элементермен талдау
     - Радиоэлектрониканы әзірлеу

♦  CubeSat компоненттері мен жүйелерін жасау

Артықшылығымыз

   ♦ Біздің инженерлер әлемдік ғарыш қызметінде көшбасшы болып табылатын Airbus Defence & Space және Surrey Satellite Technologies Ltd шетелдік компанияларында тиісті мамандықтар бойынша оқытудан өтті.

   ♦ Біздің мамандарымыз SSTL компаниясымен бірге KazSTSAT ғылыми-технологиялық ғарыш аппаратын құру жобасын ойдағыдай іске асырды

   ♦ Airbus D & S стандарттарына сәйкес салынған өзіміздің сертификатталған әлемдік деңгейдегі Құрастыру-сынақ кешені бар

   ♦ Ғарыш техникасын жасау үшін заманауи сынақ зертханалары мен өндірістік алаңдары бар