logo

Ғарыш пен дала арасында тек бір қадам

Только шаг между степью и космосом

One step between the steppe and the space



Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені


     Жобаның мақсаты - ғарыш аппараттарын, пайдалы жүктеме компоненттерін және ғарыштық техникасы элементтерін құрастыру және сынау үшін Қазақстанда технологиялық және өндірістік базаны құру. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Airbus Defense and Space» (Франция) бірлескен кәсіпорны - «Ғалам» ЖШС жеке өзі ҒА ҚұСК пайдаланатын болады.

   Өндірістік бөлімшелер құрамы төмендегідей:

- арнайы конструкторлық-технологиялық бюро – ол барлық жобалау және конструкторлық жұмыстарды іске асыруды қамтамасыз етеді;

- құрастыру-сынау кешені – ол салмағы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау толық контурын қамтамасыз етеді;

- тәжірибелік өндіріс – онда ғарыш аппараттарының жеке компоненттерін өндіру үшін зертханалар мен өндірістік шеберханалар болады.

     «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені» жобасын іске асыру - ғарыш аппараттарын, пайдалы жүктеме компоненттерін және ғарыштық техникасы элементтерін құру (жобалау, жасау, құрастыру және сынау) бойынша жұмыстардың толық циклін жүзеге асыруға қабілетті жоғары технологиялық кәсіпорындарды құруға, өз ғарыш аппараттарын жасауға ел ішінде тапсырыстарды орналастыруға және болашақта спутниктері өндірушілердің әлемдік нарығына қол жеткізуге, тәжірибелік өндірісі бар ғарыш техникасының Арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құруға, инженерлер мен техникалық қызметкерлерден тұратын жоғары білікті кадрларды дайындауға, заманауи ғарыштық технологияларды игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық, өндірістік әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.

      Мақсаты: салмағы 6 тоннаға дейін және максималды өлшемдері 3 х 3 х 6 м спутниктерді құрастыру және сынау.

Негізгі технологиялық жабдықтар:

- 2 термовакуумдық камера TVAC (TVAC1 Ø 3 м және TVAC2 Ø 8 метр) - 10-7 мбар жоғары вакуумды, температурасы -173°-тен 127°С-ға дейін;

- Дірілді стенд VIB (280 кН) - синусоидалық ауытқулар, кездейсоқ діріл және соққы әсерлері;

- Экрандалған жаңғырықсыз камера EMC / EMI - 10 кГц-тен 40 ГГц дейін;

- Шағын антенна полигоны CATR - 1,4 ГГц-ден 40 ГГц дейін;

- Массалар центрін және инерция моментін өлшеуге арналған MPM жабдығы;

- Акустикалық камера RAC (152 дБ дейін).


portfolio img
portfolio img
portfolio img
portfolio img