logo

Ғарыш пен дала арасында тек бір қадам

Только шаг между степью и космосом

One step between the steppe and the space



Дәлдік механика учаскесi


     ҒТ АКТБ-ның ең ауқымды бөліктерінің бірі дәлдік механика учаскесі болып табылады. Бұл участесі құрамына дайындау және өңдеу цехтары кіреді. Дайындау цехында шикізат материалдырын дәнекерлеу, кесу, бүктеу жане құрастыру операциялары атқарылады. Өңдеу цехы 5 осьтік өңдеуге арналған DMG маркалы 4 дана СББ білдектерімен және өлшеу-қадағалау машиналарымен жабдықталған. Бұл білдектер өлшемдері 1500x700x1000 мм болатын кез-келген күрделі бұйымды 6 мкм дәлдікпен өңдеп шығаруға мүмкіндік береді.

     Технологиялар трансферті аясында Cetim (Франция) және Мәскеудегі DMG филиалында операторлар мен технологтарды оқыту өткізілді. Solid Works CAD-CAM-PLM бағдарламалық кешені орнатылып және оқыту шаралары жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Франциядағы жетекші компаниялардың бірі Laroche кәсіпорнында біліктілікті артыру көзделген.


portfolio img
portfolio img
portfolio img
portfolio img