010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Тұран даңғылы, 89 +7 (7172) 24-82-62 info@ghalam.kz
010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Тұран даңғылы, 89 +7 (7172) 24-82-62 info@ghalam.kz

Мекеменің басшылығы

Қожаев Қайыржан Ерсайынұлы

Басқарма төрағасы - бас директор
  • 2002 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Автомобиль және автомобиль өнеркәсібі» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2008 жылы Мәскеу авиация институтында «Әуе кемелерін сынау» мамандығы бойынша екінші жоғары білімді алды.
  • Еңбек қызметі кезеңінде «Бәйтерек» БК» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ғалам» ЖШС-де маманнан өндіріс басшысына дейін жүріп, еңбек қызметін атқарды.
  • 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Ғалам» ЖШС бас директоры.

Мадраимов Ғалим Ерланұлы

Басқарма мүшесі – қаржы директоры
  • 2002 жылдан 2014 жылға дейін «Транстелеком» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: бас маман, бөлім басшысы, Президент кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, департамент директоры, бөлім басшысы.
  • 2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың мамырына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметін атқарды.
  • 2016 жылдың маусымынан 2018 жылдың шілдесіне дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
  • 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Қазақтелеком» АҚ-да жоба жетекшісі (бас маман) болып жұмыс істеген.
  • 2019 жылдың шілдесінен 2019 жылдың қыркүйегіне дейін «Самырұрық құрылыс» АҚ бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
  • 2019 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың маусымына дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да қаржы директоры, тарифтерді қалыптастыру және бөлек есеп бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
  • «Ghalam» Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорнының қаржы директоры (2022 жылдың ақпанынан бастап).

Нсанов Айбол Миржанұлы

Басқарма мүшесі – бизнесті дамыту жөніндегі директор
  • 2015-2016 жылдар аралығында Active People компаниясында (Түркия, Анкара) аудармашы болып жұмыс істеді. Негізгі жұмысы – ағылшын-түрік-орыс тілінен ілеспе аударма, ресми хат алмасу және құжаттаманы аудару.
  • 2016-2017 жылдар аралығында AutoDesk Center компаниясында (Анкара, Түркия) инженер-конструктор (фрилансер) болып жұмыс істеді.
  • 2018-2019 жылдар аралығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) Маркетинг және сату орталығының сыртқы нарығында сату жөніндегі маман болып жұмыс істеді.
  • 2019-2020 жылдар аралығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) Маркетинг және сату орталығының сыртқы нарығында бас сату менеджері болып жұмыс істеді. (Ескерту: жұмыс уақытында ол қашықтықтан зондтау деректерін экспорттаған, 341 000 АҚШ долларына жеткен, белгіленген KPI көрсеткішінен асып кеткен үздік сату менеджерлерінің бірі болды).
  • 2020 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) жұмыс істеді. ҚР СС РМҚК Басқару және өнім қызметі басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
  • 2021 жылдың қазанның қазіргі уақытқа дейін «Ғалам» ЖШС директорының аэроғарыштық өнімдер бизнесін дамыту жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
  • «Ghalam» Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорнының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі директоры (2022 жылдың ақпанынан бастап).